RU
Күйеуінен ажырасқан Алтынай Жорабаева қайтадан қыз ұзатып жүр (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Күйеуінен ажырасқан Алтынай Жорабаева қайтадан қыз ұзатып жүр (видео)

Рассказать Вконтакте

Қыз ұзатудан бас тартқан Алтынай Жорабаева қайтадан тойларға шығып, аруларды ұясынан ұшырып жүр. Отандық танымал әнші өз парақшасында кезекті ұзату тойдан видео жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін Алтынай Жорабаева ажырасып кеткен соң, тұсау кесіп, қыз ұзатудан бас тартқанын айтқан болатын.

Алайда, араға біршама уақыт тастаған әнші тойларға шығып, қайтадан қыз ұзата бастаған. Оған эстрада жұлдызының Instagram парақшасындағы бейнежазба дәлел болмақ.

Онда төрт қызымен күйеуінен ажырасып кеткен әнші қалындықты өз қолымен ұзатып жатқаны көрініс тапты.

Желідегілер шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығына қатысты екі түрлі ой білдірді.

Бірі оны толығымен қолдаса, енді бірі ырым бойынша ажырасқан әйел қыз ұзатпау керектігін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
12
0
1
1
2
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel