Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сооронбай Жээнбеков: Атамбаев заңды өрескел бұзды

Опубликовано:

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков экс-президент Алмазбек Атабаевты ұстау операциясына қатысты пікір білдірді деп жазады Президент сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі / Султан Досалиев
Фото: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі / Султан Досалиев: UGC

Тағы да оқыңыздар:

Атамбаевты ұстау операциясы: Тұтқындалған сарбаздар видеоүндеу жолдады>>

Атамбаев жиналған ел алдына шықты (фото)>>

Атамбаев арнайы жасақ қызметкерлеріне оқ атқанын мойындады>>

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Жээнбековке Кой-ташта болған оқиға жайлы баяндап берді.

Қырғызстанның қазіргі президенті хабарламада айтылғандай, Атамбаев заңға сәйкес тергеу шараларын жүргізуге қатаң қарулы қарсылық көрсете отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын өрескел бұзды деп есептейді.

Ол елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, заңның үстемдігін сақтау үшін барлық шараларды орындау қажеттігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Жээнбеков қысқа мерзімді демалысын үзіп, Қой-Таштағы жағдайдың ушығуына байланысты Бішкекке оралуға мәжбүр болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809934-sooronbaj-zeenbekov-atambaev-zady-reskel-bzdy/

pixel