RU
Атамбаевты ұстау операциясы: Тұтқындалған сарбаздар видеоүндеу жолдады

Атамбаевты ұстау операциясы: Тұтқындалған сарбаздар видеоүндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президентінің үйіне шабуылдаған арнайы жасақ тұтқындалды. Кісендеулі әскерилер халықтан кешірім сұрап, видеохабарлама жолдады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Тағы да оқыңыздар:

Атамбаев жиналған ел алдына шықты (фото)>>

Атамбаев арнайы жасақ қызметкерлеріне оқ атқанын мойындады>>

Сооронбай Жээнбеков: Атамбаев заңды өрескел бұзды>>

Кадрдан кісенделген бірнеше сарбазды көруге болады.

Олардың бірі, шамамен командирі, халыққа және мемлекетке ант бергенін айтты.

"Біз қырғыз халқына қызмет етеміз. Осы жағдайда бір нәрсені дұрыс істемесек, кешірім сұраймыз. Халықтан кешірім сұраймыз", - дейді ол.

Сөз соңында арнайы жасақтың "халық бізді құтқарды, басқалардан қорғады" деп айтуын сұрады. Олардың бірі "жігіттердің қажетті көмек көрсеткенін" айтты.

Қырғызстандағы қақтығыстар нәтижесінде, 47 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, олардың ішінде 24-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. ҰҚМК-нің бір қызметкері оқ жарақатынан қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз
3
0
5
6
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel