Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып алған 24 жастағы ару көз жұмды

Опубликовано:

Ұлыбританияда 24 жастағы латвиялық Баибе Краупсе есімді бойжеткен қатерлі ісікті жүктілікпен шатастырып алып, қайтыс болды деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Баибе Краупсе білім алып, Ұлыбританиядағы барлардың бірінде жұмыс істеген. Бірде ол ішінің үлкейіп қалғанын байқап, анасына қуанышты жаңалықты хабарлауды жөн көреді.

Алайда дәрігердегі бірінші түсірілімнен-ақ оның ішінде бала емес, агрессивті қатерлі ісік бар екені анықталған. Олар Капусеге көмектесе алмай, ару 22 шілде көз жұмған.

Марқұмның отбасы мен әріптестері оның өлімін аса ауыр қабылдаған.

Бардың меңгерушісі Джек Марфис Капусенің барлығына қамқор әрі жанкешті қызметкер болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809958-katerli-isikti-zktilikpen-satastyryp-algan-24-zastagy-aru-kz-zmdy/

pixel