Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

МҰҚК: Атамбаевтың жақтастары тірі қалқан ретінде әйелдер мен балаларды қолданды

Опубликовано:

Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйі маңындағы шулы оқиғалар жалғасын табуда. Ол жақтастарының алдына шығып, үйіне шабуыл жасаған қауіпсіздік күштеріне оқ атқанын айтты. Осыған байланысты арнайы жасақтың қызметкерлері журналистермен байланысқа шықты деп хабарлайды АКИpress-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: akipress.org
Фото: akipress.org: Depositphotos

Тағы да оқыңыздар:

Атамбаев жиналған ел алдына шықты (фото)>>

Атамбаев арнайы жасақ қызметкерлеріне оқ атқанын мойындады>>

Сооронбай Жээнбеков: Атамбаев заңды өрескел бұзды>>

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі кеше түнде Кой-Ташта болған оқиғаны айтып берді.

Ведомство үйді басып алу кезінде қауіпсіздік күштері атыс қаруын қолданбағанын, тек резеңке оқ пен арнайы құралдарды қолданумен шектелгенін жеткізді.

Комитет қызметкерлері өздеріне қарсылық көрсетілгенін, соның барысында атыс қаруы қолданылғанын атап өтті.

Қауіпсіздік қызметкерлері бұған сарбаздардың алған жарақаттары мен шабуылға қатысушылардың бірінің қазасы дәлел болатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар ведомство тұтқынға алынған арнайы бөлімше қызметкерлері "асқан қатыгездікпен" соққыға жығылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі " Атамбаевтың жақтастары тірі қалқан ретінде әйелдер мен балаларды қолданғанын" да хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809962-mkk-atambaevty-zaktastary-tiri-kalkan-retinde-jelder-men-balalardy-koldandy/

pixel