RU
Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болмақ (фото)

Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болмақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматылық оқушы қыз Эльгиза Қаражанова "Fashion TV" халықаралық телеарнасынан жүргізуші болуға шақырту алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

12 жастағы жасөспірім телеарналарда бұрыннан танымал. Ол - "Жара" музыкалық шоуының тұрақты қатысушысы, "Ғаламшардың кішкентай аруы" титулының иегері.

Белгілі болғандай, Эльгиза "Fashion TV" телеарнасында белгілі "Новая Волна" музыкалық байқауының күнделігін жүргізеді.

"Эльгиза 4 айдан бері "KIDS ART FASHION" бағдарламасында жүргізуші болып тәжірибеден өтіп жүр. Осындай маңызды жобаға шақырту алғанымызға қатты қуаныштымыз. Бұл өте жауапты іс. Эльгиза дайындалып жатыр", – дейді қыздың анасы Людмила Дорохова.

Түсірілім 23 тамызда басталады. Бірінші бағдарлама 28 тамызда "Fashion TV" эфирінен көрсетіледі.

Айта кетейік, Эльгиза Қаражанова соңғы фестивальде белгілі әнші Светлана Лободамен қосылып ән айтқан болатын. "ЖараKIDS" жобасы аясында 18 жасқа дейінгі ең үздік орындаушы атағын алған.

Мұның алдында "МузТВ" телеарнасында Яна Рудковскаямен бірге "Балалар ондығы" телебағдарламасын жүргізген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel