RU
Қырғызстанның ҰҚК басшысы отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қырғызстанның ҰҚК басшысы отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Қырғыстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев елде орын алған жағдайларға байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24kg

Фото: 24kg

Тағы да оқыңыздар:

Арнайы жасақ Атамбаевтың үйіне қайта шабуылды бастады>>

Жээнбеков Атамбаев туралы: Оны жауап алуға куәгер ретінде шақырды, енді ол айыпталушы болады>>

МҰҚК: Атамбаевтың жақтастары тірі қалқан ретінде әйелдер мен балаларды қолданды>>

Бұл туралы ол парламенттің кезектен тыс отырысында депутаттар алдында есеп беру барысында айтқан.

"Таңертең Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мен президентке отставкаға өтініш бергім келетінін хабарладым. Менің де кінәм бар. 3500 сарбаздың барлығын жұмылдыру керек еді, олай болған жоқ", - деді Опумбаев.

Сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы депутаттар алдында есеп бере отырып, Алмазбек Атамбаевты ұстау барысында қол астындағыларға оқ атуға бұйрық бермегеніне өкінетінін айтты.

"Атамбаевтың қарусыз адамдарға шабуыл жасайтынын ешкім күткен жоқ. Шынымды айтсам, оқ атуға бұйрық бермегеніме өкінемін", - дейді Орозбек Опумбаев. 

Еске сала кетейік, сейсенбі 7 тамыз күні кешкісін Қырғызстанның арнайы жасағы ел астанасынан 20 шақырым жердегі Кой-Ташта экс-президент Атамбаевты ұстау үшін арнайы операцияны бастаған болатын.

Олар бұрынғы көшбасшының жақтастарына қарсы арнайы құралдар қолданды. Атамбаевтың жақтастары да өз кезегінде қарулы жасаққа жауап берді. Салдарынан, 52 адам, оның ішінде жергілікті басылымның журналисі жарақаттанған. Бір арнайы жасақ әскері қаза болған.

Алайда экс-президентті қамауға алу мүмкін болмады. Атамбаевтың жақтастары арнайы жасақтың алты әскерін кепілге алды.

Қырғыстанның Парламенттік социал-демократиялық партиясының лидері Атамбаев 2017 жылғы президент сайлауынан кейін билікті өзінің мұрагері әрі жақын жақтасы Сооронбай Жээнбековке берген болатын.

Алайда осыдан кейін бұрынғы президенттің команда мүшелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Атамбаевтың өзі болса, "экс-президент" мәртебесінен айырылып, бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.

Бұрынғы мемлекет басшысы өзіне тағылған айыптың бәрі саяси сипатқа ие екенін бірнеше рет айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel