RU
"Билік жалған ақпарат таратып жатыр": Атамбаевтың қызы тағы да мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Билік жалған ақпарат таратып жатыр": Атамбаевтың қызы тағы да мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева күні кеше әкесінің Кой-Таштағы үйінің маңында болған шабуыл оқиғасы туралы билік жалған ақпарат таратып жатқанын мәлімдеді. Арнайы операцияға қатысты өзінің көзқарасымен ол Instagram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әлия Шагиеваның Instagram парақшасы

Фото: Әлия Шагиеваның Instagram парақшасы

Тағы оқыңыздар:

Жээнбеков Атамбаев туралы: Оны жауап алуға куәгер ретінде шақырды, енді ол айыпталушы болады>>

Арнайы жасақ Атамбаевтың үйіне қайта шабуылды бастады (фото)>>

Жээнбеков Атамбаев туралы: Оны жауап алуға куәгер ретінде шақырды, енді ол айыпталушы болады>>

"Билік кешегі оқиға туралы жалған айтып жатыр... Олар Батукаеваның ісіне қатысты оның куәлігін алу үшін арнайы жасақ әкемнің үйіне келді деп айтуда...
Бұл әкемнің журналистерге бар білгені туралы бірнеше рет айтқанына қарамастан. Бұдан бөлек, ол тергеудің барлық сұрақтарына жазбаша түрде жауап беруге дайын болды!" , - деді Әлия Шагиева.

Сонымен қатар Әлия Сооронбай Жээнбековке "бірінші секундтан бастап оқ атып", адамдарды қауіпке итеру қаншалықты қажет болды деген сауал жолдады.

"Біздің елде куәлікті осылай береді ме?", - деп таң қалды Шагиева.

Бұрынғы басшының қызы оның әкесі Конституциялық палатаның шешімін күту үстінде болғанын жеткізді. Ал жауап алға Атамбаевтың "жай түсініктеме беру үшін" барған Сапар Исаков пен Кубанычбек Кулматов тұтқындалғандықтан бармағанын айтты.

"Көптеген отандық заңгерлер мен саясаткерлер МҰҚК-нің "куәлік алу" үшін арнайы күштерді қолдануға құқығы жоқ екендігіне биліктің назарын аударды.
Олар шабуылды әдейі кешкі сағат 8-де, әкем есігінің алдына жиналған адамдарға шығатын жарты сағаттық уақытта, азаматтардың көп жиналатынын біліп тұрып бастады", - деп жазады ол.

Сондай ақ, экс-президенттің қызының сөзінше, байланыс пен интернеттің өшірілуі, телеарнадағы тікелей эфирлердің тоқтауы нағыз оңбағандық.

"Мен бұл "куәгерлік" алу амалы емес, елдегі соңғы оппозицияны, бәрі рұқсат етілген биліктің алдындағы соңғы кедергіні құрту амалы болды деп санаймын!", - деп өз ойын айтты Алия Шагиева.

Сіздің реакцияңыз
11
1
4
3
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel