Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық альфонс Алматыда ұсталды (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында нәзік жандыларға қарсы бірқатар алаяқтық әрекет жасағаны үшін іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді деп хабарлайды астаналық Полиция дептарментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күдікті. Фото Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінен
Күдікті. Фото Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінен: UGC

34 жастағы ер адам Алматы қаласының аумағында тұтқындалған. Ол 4 алаяқтық фактісі бойынша күдіктелуде.

Ер адам көбіне жеке автокөлігі, тұрақты табысы бар қалталы азаматшалармен танысуды көздеген. Олармен көңіл жарастырып, сеніміне кірген соң өтірік айтып көлемді сомада қарыз алып отырған.

Қаражаттарын беріп алданған қыз-келіншектер одан сенімін үзбеген. Тіпті, айлакердің "бизнесіне қолдау көрсету" мақсатында өз аттарына банктен ақшалай несие алып берген.

Осылайша, ер азамат арбауына түскен бір арудың 6 миллион теңге қаражатын қолды қылған.

Аталған алаяқтық әрекеттерден бөлек, күдікті 2018 жылы автокөліктен 360 мың теңге тұратын алтын білезікті ұрлап әкеткен.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Осы орайда Нұр-Сұлтан полиция депртаменті күдіктінің заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, мына мекенжайға хабарласуларын сұрайды: Бейбітшілік к-сі,19, телефон нөмірі: 8(7172)71-60-22, 71-63-29 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810005-astanalyk-alfons-almatyda-staldy-foto/

pixel