RU
Атамбаев: Арнайы жасақ сарбазының өліміне жауапкершілік Жээнбековтың мойнында

Атамбаев: Арнайы жасақ сарбазының өліміне жауапкершілік Жээнбековтың мойнында

Рассказать Вконтакте

Алмазбек Атамбаев арнайы жасақ қызметкерінің өліміне елдің президенті Сооронбай Жээнбеков жауапты деген пікір айтты деп хабарлайды 24.kg-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: АКИpress

Фото: АКИpress

Тағы оқыңыздар:

Арнайы жасақ Атамбаевтың үйіне қайта шабуылды бастады (фото)>>

Жээнбеков Атамбаев туралы: Оны жауап алуға куәгер ретінде шақырды, енді ол айыпталушы болады>>

"Билік жалған ақпарат таратып жатыр": Атамбаевтың қызы тағы да мәлімдеме жасады>>

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, арнай жасақ сарбазының қаза болуына жауапкершілікті елдің президентіне артты.

"Сарбаздың өліміне жауапкершілік Сооронбай Жээнбековтың мойнында. Ешбір жазасы жоқ жігіттерді осындай лас әрі жаман іске жіберген сол", – деді Атамбаев.

Оның айтуынша, кінә өздері өлсін немесе қарапайым адамдардың көздерін жойсын деп әскерилерді бейбіт азаматтарға қарсы жібергендердің мойнында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, арнайы жасақтың экс-президенттің үйіне басып кіруіне оның Батукаевтың ісі бойынша жауап беруден бас тартуы себеп болған.

Алайда, Атамбаевтың БАҚ өкілдеріне мәлімдеуінше, ол бұл талаптармен келісетінін, журналистердің алдында, болмаса құпия түрде барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екенін әлдеше рет айтып жеткізген.

"Оларға керегі – Атамбаевтың аузын ашпауы, сәті келсе мәңгілікке үнін өшіруі. Оларға шындық керек жоқ", – деп мәлімдеді экс-президент.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel