RU
11 млн қазақстандықтың жеке деректерін кімнің "жариялағаны" белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

11 млн қазақстандықтың жеке деректерін кімнің "жариялағаны" белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (КШТЗО) 11 млн қазақстандықтың жеке деректерінінің таралуына жауаптыны атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

КШТЗО басшысы Арман Абдрасиловтың айтуынша, мәліметтердің шығу көзі - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы болып табылады.

Ол жақында Ішкі істер министрлігінен сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы хат келіп түскенін мәлімдеді.

Бұл Қылмыстық кодекстің 211 бабы 1 тармағы (шектеулі қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша жүргізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі желіде жарияланып кеткені хабарланған болатын.

Бұған қатысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пікір білдіріп, дереккөз бен тарату себептерін анықтауды тапсырғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
3
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel