RU
Алакөлге лас су ағызғандар жазаланды
Жаңалықтар Қоғам

Алакөлге лас су ағызғандар жазаланды

Рассказать Вконтакте

Алакөл жағалауындағы қонақ үй бассейндегі суды көлге заңсыз ағызып жүрген. Экология министрлігінің өкілдері оқиғаға кінәлілерге әкімшілік айыппұл салынғанын мәлімдеді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Алматы облысының экология департаменті "ALMATRADEGROUP" ЖШС-не қатысты кезектен тыс тексеріс жүргізді.

Куәгерлер көлге құбырдан лас судың ағып жатқанын көріп қалған. Кейіннен қонақ үйдің бассейндегі лас суды көлге ағызып жүргені анықталды.

Ағын суларды ағызуға арналған құбырларды бөлшектеу шешімі қабылданған. Қазіргі таңда, Алакөл экологиясына келтірілген шығынның соммасы анықталып жатыр.

Бүгінде көлде мониторинг жүргізілуде. Құзырлы орган су сапалығының тқрақтылығы жайлы хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel