RU
Арыста белгісіз зат жарылып, салдарынан ер адам зардап шекті (фото)

Арыста белгісіз зат жарылып, салдарынан ер адам зардап шекті (фото)

Рассказать Вконтакте

Арыста қоқысты өртеу кезінде жарылыс болып, салдарынан ер адам зардап шекті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалқамановтың мәліметінше, оқиға кеше 18-15 шамасында болған.

Қоқысты өртеу барысында белгісіз зат жарылып, салдарынан сол үйдің қожайыны жеңіл дене жарақаттарымен (аяғы мен қолының саусағын зақымдаған) ауруханаға түскен.

Алғашқы көмек көрсетілгенен кейін зардап шеккен ер адам үйіне қайтарылған.

Оқиға орнында барлық жауапты қызметкерлер жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel