RU
БАҚ: Алматыдағы танымал психологты 1 жарым млн теңгеге тапсырыспен ұрғызған

БАҚ: Алматыдағы танымал психологты 1 жарым млн теңгеге тапсырыспен ұрғызған

Рассказать Вконтакте

Алматыда өз үйінің ауласында оңбай таяқ жеген психолог Светлана Божконың қорғаушысы оны арнайы тапсырыспен ұрғызғанына сенімді болып отыр. Адвокаттың айтуынша, іс бойынша күдікті ретінде өтіп жатқан ер адам оқиғадан соң бірден барып банктегі несиесін жапқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко / Диана Снегина

Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко / Диана Снегина

Светлана Божконың адвокаты Елена Третьяк таксист болып жүрген ер адам несиені жабу үшін қомақты қаржыны қайдан алғанын айтпай отырғанын айтады.

"Күдікті банктегі 1 жарым миллион теңге көлеміндегі автокөліктің қарызын жапқан. Ақшаны қайдан алғанын айтпай отыр. Тергеу анықтағандай, ол еш жерде жұмыс істемейді. Күнделікті таксист болып жүрген адам. Сонда ол осыншама соманы бір күнде қайдан алды? Сол себепті де, мұның тапсырыс екеніне еш күмән жоқ. Қазір тапсырыс берушіні де тауып, жазаға тарту туралы өтініш түсірдік", - дейді ол.

Телеарнаның мәліметінше, күдікті оқиғаның ертесіне бірден банкке барып, бір жарым миллион теңге көлеміндегі несиесін төлеп тастаған. Ол кредитке "Мерседес" көлігін алған.

Ал қомақты қаржыны қайдан алғанын күдікті тергеушілерге түсіндіріп бере алмаған.

Сол себепті де, зардап шеккен Светлана Божконың адвокаты оның әлде біреулердің тапсырысын орындағанына сенімді болып отыр.

Алайда, тапсырыс берушіні табу қиынға түспек. Себебі, психологты кастетпен ұрған азамат оны ұстап бермек түгілі, келіншекті соққыға жыққанынан мойындамай отыр деп хабарлайды телеарна.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда танымал психологты өз үйінің алдында адам танымастай сабап тастағанын хабарлаған болатынбыз.

Полицейлер күдікті ұстап, оны екі айға қамауға алды. Тұтқындалған азамат 28 жаста.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel