RU

Лукаку "Интер" ойыншысы атанды

Бельгия құрамасының 26 жастағы шабуылшысы Ромелу Лукаку "Манчестер Юнайтед" клубынан миландық "Интерге" ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/romelulukaku
Фото: Instagram/romelulukaku: Facebook

Бұл туралы Италиялық команданың Twitter желісіндегі тобында жарияланды.

"Қош келдің, Лукаку", - деп жазды "Интер" клубы.

Шетелдік Бақ таратқан ақпаратқа сәйкес, Лукаку миландық клубпен 2024 жылға дейін келісім-шартқа отырды.

Шабуылшы үшін "Интердің" 80 млн еуро төлегені белгілі болды.

Бельгиялық футболшы да Instagram желісіндегі парақшасында миландық командаға ауысқанын растады.

Шабуылшы екі маусым өнер көрсеткен "Манчестер Юнайтед" басшылығы мен жанкүйерлеріне алғыс айтуды да ұмытпаған.

"Манчестер Юнайтедке қатысы бар адамдардың барлығына алғысымды айтамын. Барлығына сәттілік", - деді Лукаку.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810079-lukaku-inter-ojynsysy-atandy.html