RU
Әкесінің тегінен бас тартқан: Алмазбек Атамбаевтың қызы туралы не білеміз?

Әкесінің тегінен бас тартқан: Алмазбек Атамбаевтың қызы туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шагиева бала кезінен бері анасының тегімен келе жатыр. Бойжеткен бұл әрекетке таныстары оның әкесі кім екенін білмеуі үшін барған деп жазады Super.ru басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасы аса ауыр өмірлік кезеңді өткеруде. Жетінші тамыз күні оның үйін арнайы жасақ сарбаздары шабуылдаған. Алайда, әскерилерге бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары айтарлықтай тойтарыс беріп, оны қорғап қалған.

Оқиға салдарынан бір сарбаз қаза тауып, 52 адам зардап шекті. Кеше бұрынғы қырғыз президентін тұтқындады.

Басылым Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлияның өміріне қатысты тың деректермен бөлісті.

Бойжеткен 22 жаста. Ол бала күнінен анасының тегімен өмір сүріп келеді. Әлия таныстары оның кімнің қызы екенін білмегенін қалайды.

2016 жылы Әлия Константин Рязанов есімді ұлты орыс программистіне тұрмысқа шыққан. Жас отбасы Бішкекте тұрады.

Экс-президенттің қызы желіде өзінің ерекше шығармашылығымен бөлісіп тұрады. Оған қоса, Әлия арт-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

Бойжеткен ел назарынан тыс болуға қанша тырысқанымен, оны бүкіл ел жақсы біледі.

"Мен үнемі анамның тегін айтып жүремін. Тіпті, қазір куәлігімді ауыстырып жатырмын. Туыстық байланысым үшін маған қызығушылық танытқандарды көрмесем болғаны" , - деп жазған болатын Әлия өзінің Facebook оқырмандарына.

Ол тіпті, бұл мәселемен байланысты психологиялық проблемаларға да тап болғанын жасырмады. Мысалы, бойжеткен мектеп қабырғасында сұрақтың жауабын біле тұра қол көтермеуге тырысатын. Ол сыныптастары өзін "мақтаншақ" деп ойлап қалғанын қаламаған.

Әлия кейбір таныстары оның Атамбаевтың қызы екенін білгенде қатты таңғалып қалғанын айтты.

Бір қызығы, бойжеткеннің болашақ күйеуі де сүйіктісінің танымал саясаткердің қызы екенін білмеген. Қос ғашық интернет желісінде танысқан. Ол кезде Константин Бішкектегі жоғарғы оқу орындарының бірінде біліп алып жүрген.

Бойжеткеннің сөзінше, оның жақындары ғашықтардың қосылуына қарсы болмаған. Алайда, Әлия мен Константиннің аралас некесін желіде қызу талқыға түскен. Бүгінде олардың екі баласы бар. Ерлі-зайыптылар - вегетариандықтар. Олар отбасымен саяхаттағанды жақсы көреді.

Сіздің реакцияңыз
2
5
2
2
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel