RU
Тойда екі жасты волейбол ойнап қарсы алғандар жұртты таңғалдырды
Жаңалықтар Қоғам

Тойда екі жасты волейбол ойнап қарсы алғандар жұртты таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде шаңырақ көтерге жастарды орындарына ерекше әдіспен отырғызған видео пайда болды. Роликте той қонақтарының екі ғашықтың үстінен волейбол доптарын асыра лақтырғанын байқауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видео Instagram желісіндегі Kazakh.toy тобында жарияланды.

Кадрдан "ақ жолмен" келе жатқан екі жастың үстінен той қонақтарының волейбол добын асырғанын, күйеу жігіттің де аталған спорттан хабары бар екенін көрсеткенін байқауға болады.

Мұны көрген желі қолданушылары "Ерекше той", "Екі жасты доппен де кіргізуге болады екен", "Идея жоқ кезде, осы әдісті қолданса болады екен", "Маған ұнады", "Күйеу жігіт спортшы шығар", "Тойға келген қонақтар спорт залға кіріп кеткен жоқпыз ба деп ойланып қалған шығар" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Оқырмандардың басым бөлігі үйлену тойдың Орал қаласында өткенін жазған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel