RU
Бішкекте шерушілерді қуып тарату шарасының видеосы пайда болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бішкекте шерушілерді қуып тарату шарасының видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Бішкектің орталық алаңына шеруге шыққандарды тарату сәтінен видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны: видеодан кадр

Оқиға орны: видеодан кадр

Бейнежазба Instagram желісіндегі @news.kg парақшасында жарияланған.

Видеоға құқыққорғау қызметкерлерінің қашып бара жатқан шерушіні шоқпармен ұрып, артынан тепкілеп жатқаны түсіп қалған.

Бейнероликтегі дыбыстарға сүйене отырып, кейбір сарбаздар ашуға бой алдырған әріптестерін сабырға шықырып жатқанын аңғаруға болады.

Шеруге қатысқандар қоқыс контейнерлерін өртеген.

Айта кетейік, бұған дейін орталықтағы бұрқақтың қасында демалып жатқан арнайы жасақтың фотосы жарияланаған болатын.

Жетінші тамыз күні экс-президент Алмазбек Атамбаевтың үйіне бірінші шабуыл жасалды. Алайда, оның жақтастары арнайы жасаққа тойтарыс бере алған.

8 тамызад әскерилер бұрынғы мемлекет басшысының үйіне екінші мәрте шабуыл жасап, оны ұстаған.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Атамбаев өзі берілген.

Оның тұтқындалуынан кейін жүздеген адам Бішекетің орталық алаңына шыққан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel