RU
Масалар кімді жиі шағады?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Масалар кімді жиі шағады?

Рассказать Вконтакте

Сібір мемлекеттік медицина университетінің ғалымдары масалардың қандай адамдарды жиі шағатынын анықтады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay

Фото: pixabay

Мамандардың пікірінше, масалар әсіресе қаны бірінші топқа жататын адамдарды жиі шағады екен.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қан сорғыш жәндіктер оларды екінші топ өкілдеріне қарағанда екі есе жиі шағатын көрінеді.

Сонымен қатар, масаларды адам денесінің температурасы, өткір иістер және жоғары қан айналымы тартады. Ағзадағы зат алмасу деңгейі жоғарылаған сайын адам көмірқышқыл газын көп бөледі. Сол арқылы масалар қорек көзін анықтайды.

"Сондықтан масалар балаға қарағанда, ересектерді, жүкті әйелдерді, салмағы ауыр және ауыр жұмыспен айналысатын адамдарды жиі жағады", – дейді мамандар.

Зерттеушілердің айтуынша, масалармен күресудің ең тиімді тәсілі – ультрадыбыстық құрылғыларды пайдалану.

Сондай-ақ қан сорғыш жәндіктерден қорғануға тасжапырақ лаванда гүлінің майы мен суға арластырылған ваниль көмектесе алады.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel