Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жээнбековтің сайлаудағы қарсыласы Бабанов Қырғызстанға келе жатыр (фото)

Опубликовано:

"Республика — Ата Жұрт" фракциясының бұрынғы көшбасшысы Өмурбек Бабанов бүгін Бішкекке келеді деп хабарлайды 24.kg-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Facebook

Саясаткердің өкілі оның "Шереметьево" әуежайында рейсін күтіп отырғанын жеткізді.

"Ол төлқұжаттық бақылаудан өтіп қойды, ұшаққа отырғызылуын күтіп отыр", – деді Бабановтың өкілі.

"Аэрофлот" әуе компаниясының ұшағы "Манас" әуежайына сағат 14.40-та қонады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Өмурбек Бабанов Қырғызстанға сәуір айында келмек болған. Саясаткердің жақтастары оны күтіп алуға дайындалған. Алайда, соңғы сәтте Бабанов жоспарын өзгертіп, Мәскеуде қалуға шешім қабылдады.

Жақында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бабановтың екі қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқанын еске салды.

Біріншісі – Ош қаласының "Әмір Темір" шағын ауданында негізсіз, арандатушылық мәлімдемелер жасауы. Ал екіншісі – билікті күшпен басып алуға және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындық жүргізуі.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810110-zeenbekovti-sajlaudagy-karsylasy-babanov-kyrgyzstanga-kele-zatyr-foto/

pixel