RU
Атамбаевқа қандай айып тағылуда?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атамбаевқа қандай айып тағылуда?

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық ісі бойынша айып тағылды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы адкокат Сергея Слесарев мәлімдеді. Заңгер өзінде әлі ақпарат аз екенін атап өтті.

Бірақ айыптаудың Батукаев ісіне, атап айтқанда оның босатылуына қатысты екені белгілі болған.

Қылмыстық ортада үлкен беделге ие Азиз Батукаев 13 жыл бұрын 17 жылға сотталған. Оған Бішкекке жақын орналасқан колониялардың бірінде төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды.

Осы қақтығыс салдарынан депутат Тынычбек Ақматбаев, үкімдерді орындау жөніндегі бас басқарманың басшысы Икматулла Полотов және екі парламент қызметкері қаза тапқан.

Алайда, дәл сол 2013 жылы ол түрмеден босатылған. Айыпталушыға медициналық комиссия соңғы сатыдағы қаны рагы диагнозын қойған. Батукаев бостандыққа шыққаннан кейін жаңа төлқұжатпен елден кеткен.

Кейінірек оны босатуға жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысқаны анықталды.

Бұл іс бойынша жалған диагноз қойған бірнеше дәрігерлер, премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Шамиль Атаханов, елдің денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Динара Сағынбаева және жазаны орындау мемлекеттік қызмет төрағасының бұрынғы кеңесшісі Қалыбек Качқыналиев ұсталды.

Оларға сыбайлас жемқорлыққа, құжаттарды қолдан жасауға және қызмет бабында жалған құжат жасауға қатысқаны үшін айып тағылуда.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel