RU
"Оны басқа қызбен қоспақ болған": Әсел Асқар жұбайымен қалай танысқанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Оны басқа қызбен қоспақ болған": Әсел Асқар жұбайымен қалай танысқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққан Бүркіттің атышулы қарындасы Әсел Асқар күйеуі туралы айтып берді. Instagram жұлдызы сүйіктісімен қалай танысқаны жөнінде тың мәліметтермен бөліскен деп жазады Good Housеkeeping сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Желіде поэзия арқылы танылған ару болашақ жолдасын алғаш рет оның қарындасының ұзатуында көрген.

Белгілі болғандай Әсел Асқардың інісі оның сүйіктісінің қарындасына үйленген.

Осылайша бұл екі отбасы Әсел мен Айбектің арқасында екінші рет құдаласқан.

"Жолдасым өте керемет жан. Алайда, ол туралы айтып, оны желіде көрсеткенімді аса ұнатпайды. Мен екеуміздің бірге түсірген видеоларымызды тек оның рұқсатымен ғана саламын. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Ол - заңгер. Біз екеуміз де ҚазҰУ-де оқығанбыз.

Алғаш рет біз оның қарындасының ұзату тойында Тараз қаласында көрістік. Оған дейін бір-бірімізді білмегенбіз. Бірақ, ортақ таныстарымыз өте көп болып шықты.

Оның туған қарындасы менің ініме тұрмысқа шықты. Ол мен жайлы көп естіген, бірақ таныспағанбыз. Шынымды айтсам, біздің арамызда үлкен қарым-қатынас пайда болады деп ойламаппын. Ешкім оны болжаған да жоқ. Көбісі оның маған үйленетінін күткен жоқ. Қанша дегенмен ол жас, әрі үйленбеген. Ал менің болса ұлым бар" , - деді Әсел Асқар.

Сұхбат барысында Бүркіттің қарындасы күйеуі өзінен кіші екенін де мойындаған.

"Жолдасым менен екі жарым жасқа кіші болады деп ойлаған емеспін. Алайда, жас айырмашылығы маған мүлдем білінбейді. Оның қасында мен өзімді кішкентай қыздай сезінемін. Шынымды айтсам, менен кіші жігіт осындай жылы сезімдердің туындауына себепші болады деп күтпедім.
Қарындасының ұзатуында ол бір отырмады, шапқылап жүрді. Туғаны үшін қатты алаңдап жүргені байқалды. Тойдың барынша жақсы өтуі үшін барын салды. Сол кезде оның бұл қасиетін өзіме түртіп алғаным бар.
Тойдан кейін мен Алматыға қайтуым керек болған. Бірақ, ол маған ұзатудан кейінгі кешке қалуымды өтініп, ертесіне өзі апарып тастайтынын айтты. Келістім. Кеште Айбек барынша маған жақын болуға тырысты. Сол кезде оның тарапынан деген қызығушылықты байқадым" , - деді Бүркіттің қарындасы.

Әселдің айтуынша, оның сүйіктісін туыстары бастапқыда басқа арумен қоспақ болған.

"Ертесіне Айбектің қарындасы маған ол мені төменде күтіп тұрғанын айтты. Ол сөзінде тұрып, мені Тараздан Алматыға алып кетті. Әдетте, үш жарым сағатта жететін жолды екеуміз жеті сағат жүріп келдік. Сол кезде екеуміз бір-бірімізді жақын білдік.
Біздің жақсы сөйлесіп кеткенімізді байқаған ағам маған оған жоламауымды айтып қалжындағаны бар. Олар Айбекті басқа қызбен қоспақ болған екен. Сол кезде ағамның қорқынышы маған бір түрлі болып көрінді" , - деп есіне алды ол.
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel