RU
Әсел Асқар күйеуі екеуін кейбір туыстары құттықтамағанын да ашық айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әсел Асқар күйеуі екеуін кейбір туыстары құттықтамағанын да ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Екінші мәрте тұрмысқа шыққан Бүркіттің қарындасы күйеуі екеуінің қосылғанына көпшілік қуана қоймағанын айтты. Әсел Асқар тіпті кейбір туысқандары оларды құттықтамағанын жайып салды деп жазады Good Housekeeping сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сұхбат барысынд Әсел Асқар бірінше некеде туған ұлымен екінші жолдасының қарым-қатынасы қандай екенін де тоқталды.

"Ұлым мен күйеуімнің қарым-қатынасы тамаша. Балам тіпті, менен гөрі Айбекті көбірек тыңдайды, оның пікірімен санасады. Әрине, біз үшеуміз бірге тұрамыз. Ұлым туған әкесімен араласпайды. Ол адам өзі бір жылға жуық уақыт бойы баласымен байланысқа шыққан жоқ.
Мен бірінші күйеуімнен кетіп қалғанмын. Ол осы қылығымен менен өш алғысы келген болар. Алайда, оның бұл әрекетінен тек өз баласы жапа шегіп отыр. Қазір балама бәрібір, ол әкесін есіне де алмайды. Айбек маған жақында былай деп айтты: "Мен үйленіп, бірден ұлды болдым" деді.
Көбісі ұлым мен жолдасымның өзара ұқсастығын айтып жататыны рас. Бұл пікірлермен толықтай келісемін. Олардың сыртқы келбеті ғана емес, ішкі жан дүниелері де ұқсас" , - деп ағынан жарылды желіде танымал ару.

Сондай-ақ ол сүйіктісі екеуінің үйленгеніне туыстардың барылғы дерліктей қуана қоймағанын да айтты. Әсел тіпті, әлі күнге дейін жұбайы екеуін құттықтамағандар да бар екенін жасырмады.

"Біз үшін көбісі қуанбады. Әлі құттықтамаған туыстарымыз да бар. Бірақ, туғандарымыз бен ең жақындарымыз әрине өте қатты қуанды.
Енем екеуміздің қарым-қатынысымыз өте жақсы. Оның отбасы мені жылы қарсы алды. Ешқандай дау-дамай мен түсініпеушілік туындаған жоқ. Алайда, менің туғандарым бастапқыда қарсы болды. Маған біздің қарым-қатынасымыз менің ініммен оның туған қарындасының отбасына кері әсерін тигізуі мүмкін деп айтты. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай, біз де бір жанұя болдық" , - дейді модель.
Сіздің реакцияңыз
6
2
0
0
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel