RU

"Жәннатқа бір қадам жақындатты": Жанқош Тұраров тағы да қызды болды

Боксшы Жанқош Тұраров екінші рет әке атанды. Спортшыға жұбайы қыз баланы дүниеге әкелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/klarita_os
Фото: Instagram/klarita_os: Instagram

Қуанышты хабарды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Алланың бергеніне де, бермегеніне де шүкір етемін. Бүгін таңның атысымен қозымның сіңлісі екінші ханшайымым дүние есігін ашты. Әр қазақтың отбасында осындай қуаныштар көп болсын, балалы, немерелі, шөберелі бола беріңіздер! Мені жәннатқа бір қадам жақындатқан анасына рақмет", - деді Жанқош Тұраров.

Мұны естіген желі оқырмандары боксшыны құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Арасында есімін кім деп қоятынын сұрағандар да табылды.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров Клара есімді жарымен 2016 жылы отбасын құрған. Ерлі зайыптылардың Алиянна есімді тұңғышы 2017 жылы өмірге келген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810147-znnatka-bir-kadam-zakyndatkan-anasyna-rakmet-zankos-trarov-kyzdy-boldy.html