Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бес адамнан тұратын бір отбасы із-түзсіз кеткен (фото)

Опубликовано:

Алматы обылысында бес адамнан тұратын отбасы із-түзсіз жоғалып кетті. Туыстарының сөзінше, олар төртінші тамыздан бері байланысқа шықпаған. Полиция іздестіру жұмыстарын бастаған. Бұл туралы "Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің" көшбасшысы Ислам Угушев Facebook парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Угушевтің мәліметінше, отбасының тұрғылықты мекенжайында ешкім жоқ. Көршілері ештеңеден хабарсыз екенін айтуда.

Ерекше белгілері: Отбасыдағы үлкендер де балалар да саңырау әрі мылқау, сол себепті ишарамен тілдеседі. Жуырда сапарға шығатыны туралы ешкімді хабарландырмаған.

Ерлі-зайыптылар - сырт көзге 35-40 жаста көрінед. Бойлары ұзын, денелері ірілеу, шаштары ашық түсті.

1. Чурилина Наталья Васильевна, 1980 жылы туған, 2. Чурилин Андрей, шамамен 1977 немесе 1978 жылғы.

Балалары (2 ұл 7 және 9 жаста, 1 қыз 12 жаста) дұрыс естімейді, ишарамен тілдеседі.

1. Чурилина Ангелина, 12 жаста 2. Чурилин Давид, 8-9 жаста 3. Чурилин Даниил, 6-7 жаста

2001-2002 жылы шыққан, көк түсті Mazda 323 көлігі бар. Мемлекеттік нөмірі - A094ZOO

Ұялы телефондары:

1. Наталья Чурилина ‎+7 705 873 2631 2. Андрей Чурилин +7 705 463 9361

Соңғы рет 2019 жылдың 3 тамыз күні байланыста болған.

Алматы ПД отбасының жоғалғаны туралы хабардың Алатау ауданының полиция басқармасына бір күн бұрын кешке келіп түскенін айтты.

"Жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына аудандық және қалалық бөлімдердің криминалдық полиция өкілдері кірді. Қазіргі уақытта техникалық құралдарды пайдалана отырып, отбасының шамамен орналасқан жері анықталып жатыр. Олардың дін аман екеніне сенімдіміз", - деп әңгімеледі ПД-ның ресми уәкілі Салтанат Әзірбекова.

Полицияның айтуынша, жоғалғандардың туысқандары отбасы мүшелерінің белсенді демалысты жақсы көретінін айтқан.

"Алатау АІІБ-нің тұрғылықты жері бойынша полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, көлік алдын-ала Қапшағай тас жолында 4 тамыз күні таңертең бақылау камерасына түскен. Қазіргі уақытта полиция ұялы операторлардың мәліметтері бойынша бірдеңе табуға тырысуда, бірақ таңғы сағат 10-нан бастап ақпарат жоқ. Бұдан әрі не істеу белгісіз. Болжам бойынша Іле өзеніне балық аулауға шыққан", - деп жазды Ислам Угушев.

Қандай да бір ақпаратқа ие жандар мына нөмірлерге хабарласа алады: +7 777 044 37 50 - Дмитрий +7 707 252 61 00 - Қоғамдық Қауіпсіздік Кеңесі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810159-almaty-oblysynda-bes-adamnan-tratyn-bir-otbasy-iz-tzsiz-ketken-foto/

pixel