Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған сіңлісі қайнысынан жүкті болып қалған келіншек елден ақыл сұрады

Опубликовано:

Тұрмыстағы келіншек өзінің туған сіңлісі мен қайнысының бір-бірін сүйіп қалғанын сөз етті. Оның айтуынша, бойжеткен сүйіктісінен тіпті бала көтеріп, енді одан бас тартып отыр екен деп хабарлайды Алаш айнасы басылымы.

Көрнекі фото: Getty Images
Көрнекі фото: Getty Images: Getty Images

Келіншектің сөзінше, ол туған сіңлісі мен қайнысының бір жылға жуық қарым-қатынас құрғанын білмеген.

"Туған сіңлім өзіме келін мен оған абысын боламын, егер олар үйленген жағдайда. Өзі көтеріп қалыпты. Ол жасанды түсік жасатамын деп тулап отыр, жасы 21-де. Әзірге тұрмысқа шыға алмаймын, 3-4 жылдан кейін сол жігітке тұрмысқа шығамын дейді. Өзінше жұмысын істеп жүре тұрмақ", - дейді ол.

Әйелдің айтуынша, қайнысы оның сіңлісінің жүкті екенінен хабарсыз екен.

"Жігіт білмейді көтеріп қойғанын, оған айтпаймын дейді. Абортқа келіспей мен отырмын.

Бірақ қайын ағам құда бола ма, арамызда бұдан кейін қандай қатынас қалыптасады, қалай құдаласады мені сол ойландырады.

Бәрін қойшы, ата-анамызға қалай айтамыз, мұндайды қалай айтуға болады. Үлкендер жағы болса ақыл-кеңес жазсаңыздар екен", - деп ағынан жарылды кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810189-kajnysy-men-silisini-ojnas-bolganyn-ajtkan-kelinsek-zrttan-akyl-srady/

pixel