RU
Бішкектегі аласапыран: Атамбаевтың 40 жақтасы ұсталды

Бішкектегі аласапыран: Атамбаевтың 40 жақтасы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда өткен түні Бішкектің орталық алаңында өткен наразылық акциясына қатысушылар жаппай ұсталды. Митинг кезінде 40 адам құрықталды. Олардың барлығы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтастары болып табылады деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Эркин Садыков

Фото: Sputnik / Эркин Садыков

Бұл ақпаратты Бішкек ҚІІБ хабарлады. Қазіргі уақытта ұсталғандардың жеке басы анықталуда.

Сондай-ақ, ведомствода атап өткендей, Бішкек ҚІІБ-ның жеке құрамы жаңа арандатушылық пен қоғамдағы тұрақсыздыққа жол бермеу үшін өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.

Өткен түнде 1,5 мың адам рұқсатсыз митинг өткізу үшін қала көшелеріне шықты.

Наразылық акциясы кезінде митингке шыққандар үкімет, сауда орталықтары мен супермаркеттер ғимараттарын шабуылдады.

Сонымен қатар, олар орталық жолдардың бірін уақытша жаба алды.

Арнайы бөлім қызметкерлері арнайы құралдарды қолдануға мәжбүр болды. Олар көзден жас ағызатын газ және жарық-шу гранаталарын іске қосты.

Кейін жергілікті БАҚ өкілдері митинг кезінде наразылық білдіргендердің біріне оқ тиіп, жараланғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel