RU

Арнайы жасақ шабуылдаған Атамбаев резиденциясы қандай халде? (фото, видео)

Әлеуметтік желілерде Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевтың екі рет арнайы жасақ жаулап алмақ болған Қой-таштағы резиденциясының суреттері жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Twitter

Елдің экс-басшысын арнайы жасақтың жауынгерлерімен басып алудың салдарынан қирап қалған үйдің видеосын "РУ_ЧП" Telegram-арнасы жариялады.

Кадрлардан есіктер мен қабырғалардағы қан іздері, шашылған заттар, аударылған жиһаз, оқтың іздері көрінеді.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Twitter

24.kg басылымы жазғандай, бүгін Қой-Ташта өткен күндердің оқиғаларын еске түсіретін дүние аз екен.

Не баррикад, не тас немесе блокпост та көрінбейді. Тас жолдың өзінде енді тас та, көлік дөңгелектері де жоқ.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Twitter

Ауылдағы өмір қалпына келуде.

Анықталғандай, Алмазбек Атамбаевтың жақтастары өздері тәртіпті қайта жандандыруда.

Олар жол бойындағы қоқыс пен тастарды жинастырып жүр. Бұрынғы президенттің үйі де тыныш.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Twitter
"Біз Алмазбек Атамбаевтың туыстарымыз. Біз бұл жерді жинастыру үшін, үйдің тас талқанын шығармас үшін күзетудеміз", - деді өз есімін жасырын қалдырғысы келген ер адам.
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Twitter

Оның сөзінше, Атамбаев ұсталғаннан кейін үйге ұрылар түсіп, бәрін қирата бастаған.

Бәрінен бұрын бірінші және екінші қабаттар зардап шеккен. Үйден құнды әрі бағалы заттар шығарылыпты.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Twitter

Үшінші қабат қатты қирамаған. Болған оқиғаны тек топырағы бар қапшықтар мен орнатылған жиһаздар еске түсіреді.

Фото: 24.kg
Фото: 24.kg: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810216-arnajy-zasak-sabuyldagan-atambaev-rezidenciasy-kandaj-halde-foto-video.html