Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айым Сейтметова бизнесмен жігітке тұрмысқа шығуға келісімін берді (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық танымал вайнер әрі актриса Айым Сейтметова жуырда тұрмысқа шықпақ. Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейтметовтің қызы бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жас актриса күні кеше туған күнін тойлады. 22 жасқа енді толған Айымға сүйіктісі атаулы мерекеде сөз салған.

Бойжеткенді болашақ күйеу жігіті туған кешінде тосынсыймен таңғалдырды.

Сейтметова әлеуметтік желідегі парақшасына әсерлі сәттің үзіндісін жүктеді. Желі қолданушылары жастарды құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

"Қыз баланың өміріндегі ең әсерлі сәттердің бірі шығар. Бақытты бол", "Құтты болсын!", "Бақытты болсыңдар", "Жігіттің ашық, жақсы адам екені көрініп тұр. Ақтөбеге келін болатын болды", "Жақсы күйеу болатыны көрініп тұр", "Тәке, бақытты болыңдар", -деп жазды олар.

Айта кетелік, сылқым қыз бизнесмен жігітке тұрмысқа шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810225-ajym-sejtmetova-biznesmen-zigitke-trmyska-syguga-kelisimin-berdi-video/

pixel