RU

Атамбаев тергеушілермен бірге жұмыс істеуден бас тартты

Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Алайда Қырғызстан экс-басшысының қорғаушысы Атамбаевтың тергеумен бірге жұмыс істеуден бас тартқанын хабарлады деп жазады ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kremlin.ru
Фото: kremlin.ru: Depositphotos

Бұдан бөлек, Атамбаевтың қорғаушысы Сергей Слесарев бұрынғы мемлекет басшысының қандай да бір қағазға қол қоюға қарсы екенін хабарлады.

Заңгер әңгіменің бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулы, бұлтартпау шарасы туралы құжат, сондай-ақ жауап алу хаттамасы және іс жүргізу нормаларында көзделген басқа да қағаздар туралы болып отырғандығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Атамбаевтың кеңесішісі тергеуге алынып, президент аппаратының экс-басшысы ұсталған еді. Бұдан бөлек бұрынғы мемлекет басшысының 40 жақтасы құрықталды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Атамбаевтың резиденциясының қазіргі халі бейнеленген видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810245-atambaev-tergeusilermen-birge-zmys-isteuden-bas-tartty.html