Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші әйелі соққыға жықты деп айыптаған азамат бостандыққа шықты

Опубликовано:

Алматылық әнші Ксения Ашығалиеваның күйеуі бостандыққа шықты. Қамауда ұстау үй қамағына ауыстырылған деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Zakon.kz.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, сотта қамауда ұстау бойынша негіз жоқ екенін хабарлаған.

Еске сала кетейік, жұбайы соққыға жықты деп айыптаған Бауыржан Ашығалиевты Алматының тергеу соты екінші тамызда екі айға қамауға алу туралы санкция берген.

Кейін ұсталған ер адамның апелляцияға бергені белгілі болды.

Айта кетейік, шілде айының соңында алматылық әнші Ксения Ашығалиев соққыдан алған жарақаттарын көрсетіп, күйеуінің өзін ұрлап әкетіп, өлтірмек болғанын хабарлаған еді.

Алайда ер адам өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзі құрбан болғанын айтқан.

Дегенмен ол екі айға қамауға алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810271-nsi-jeli-sokkyga-zykty-dep-ajyptagan-azamat-bostandykka-sykty/

pixel