RU
Әкім тапсырмасынан кейін әйгілі Сейфуллин көшесінде біршама тәртіп орнаған

Әкім тапсырмасынан кейін әйгілі Сейфуллин көшесінде біршама тәртіп орнаған

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы әйгілі Сейфуллин көшесі "түнгі көбелектерден" тазарып қалған. Тәртіп сақшылары соңғы бір ай бойы даңғылдың бойынан мыңнан аса жеңіл жүрісті қыздар мен маскүнемдерді ұстаған. Алматыны тәнін саудалайтындардан тазарту шаралары әлі де жалғасып жатыр деп хабарлайды Астана арнасы.

Сейфуллин көшесі. Кадр Астана арнасы

Сейфуллин көшесі. Кадр Астана арнасы

Алматылық тұрғын Жаңылсын Әлиеваның әйгілі көшенің бойында сұлулық салоны орналасқан. Кәсіпкер әйел бұрын өз жұмыс орныма қорқынышпен, түрлі үреймен келетінмін дейді. Келіншек, сән салонының алды қылығына қымсынбайтын жеңіл-жүрісті қыздармен толатынын айтады.  

"Сұмдық болды ғой мына жерде, не жүре алмайсың балаларымызға дейін жүре алмайды. Өтіп бара жатқандардың бәріне ұсыныс айтып тұратын. Көшеміз қазір тазарып қайта жақсы, қазір тыныш", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Жаңылсын Алиева.

Көше тұрғындары жеңіл жүрісті қыздар мен маскүнемдердің әрекетін дереу полицияға хабарлауды әдетке айналдырыпты. Бірақ құқық қорғау қызметкерлерін көрсе, көбісі сытылып кетуге тырысады екен. Алайда қала әкімінің тапсырмасымен тәртіп орнағалы бері, 1200-ден астам жеңіл жүрісті қыз-келіншектер ұсталған.

Сондай-ақ, араларында қыздарды тасымалдаумен айналысатын 205 адам мен 87 такси жүргізушілері де бар. 

"Жұмысты атқару барысында жеңіл жүрісті қыздарды полицияға жеткізіп, оларды арнайы база арқылы қандай бір қылмыстық іске қатысын тексереміз Ішкі Істер Департаменті ұсталғандарға әкімшілік және қылмыстық шара қолданбақ", - дейді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Олардың айтуынша, жын-ойнақтың бірі қонақ-үйде қалғаны жекелеген пәтерлерде орналасқандықтан, тексеру жұмыстары да жалғасады. Алайда бұл жағдайды қоғам белсендісі Әмина Құрман уақытша дүние деп санайды. 

"Шын күрес болған жоқ, еш уақытта жөзекшелікпен. Егер оның алдындағы әкімдер осылай біртіндеп жұмыс жасаған болса баяғыда тазарған болар еді. Оған қатал заң керек. Мүлдем тазарды деп мен ойламаймын. Ол сол көшеден жылжып кетті", - дейді қоғам белсендісі Әмина Құрман.

Сондай-ақ Әмина Құрман халық арасында "түңгі көбелек" атанып кеткен оларды ұстап бет-жүзін елге жария қылып масқараласа дейді. Сонда ғана оларға тыйым күшейер еді деп отыр.   

Ә. Лесбек

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel