RU
Атамбаевтың үйіне шабуыл кезінде зардап шеккен милиция бастығы жансақтау бөлімінде жатыр

Атамбаевтың үйіне шабуыл кезінде зардап шеккен милиция бастығы жансақтау бөлімінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде зардап шеккен Қырғызстанның Шу облыстық Ішкі істер бас басқармасының бастығы Самат Құрманқұловтың жағдайы аса ауыр. Бұл туралы ТАСС-қа мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, шабуыл кезінде зардап шеккен барлығының жағдайы тұрақты.

"Тек Шу облыстық ІІББ бастығы Самат Құрманқұлов аса ауыр жағдайда. Ол жансақтау бөлімінде", - деп хабардар еткен баспасөз қызметі.

Министрліктің атап өтуінше, Құрманқұлов ел астанасындағы травматология және ортопедия орталығында ем алуда.

Сонымен қатар қазір әртүрлі медициналық мекемелерде шабуыл кезінде жарақат алған 11 адам ем қабылдауда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel