RU
Тоқаев күллі мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев күллі мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев күллі мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!       

Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.   

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.     

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.       

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel