Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин-Деревянченко кездесуінің уақыты белгілі болды

Опубликовано:

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер DAZN платформасы Головкин мен Деревянченко арасындағы жекпе-жек өтетін уақытты жариялағанын мәлімдеді деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оның ақпаратынша және өзге де спорт сарапшыларының сөзінше, екі боксшы арасындағы кездесу 5 қазан күні Нью-Йоркте өтуі керек.

Сондай-ақ, Коппинджер IBF аталмыш жекпе-жекті санкциялап, екі жаққа келіссөздер жүргізу үшін 4 қыркүйекке дейін уақыт бергенін хабарлады.

Инсайдер қос тарап келісімге келмесе, 4 қыркүйектен кейін промоутерлік саудаға салатынын да мәлім етті.

Басқа спорт шолушылардың ақпаратынша, жақында IBF чемпиондығы үшін өтетін Головкин - Деревянченко кездесуінің анонсы шығуы керек екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810349-golovkin-derevancenko-kezdesuini-uakyty-belgili-boldy/

pixel