Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Винтовка, мылтық, тапаншалар: Атамбаевтың үйінен қару-жарақтар тәркіленді (фото)

Опубликовано:

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен қару-жарақтың 11 түрі тәркіленді деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

атамбаев
Фото: Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі: Depositphotos

Милиция қызметкерлері саясаткердің үйінен 8 тамыз күні мылтық тауып алған, сондай-ақ, экс-президенттің жақтастары арнайы жасақтан тартып алған қару-жарақтар болған.

Атамбаевтың Қой-Таштағы үйінен пистолет-пулемет негізінде құрастырылған "Капрал" тапаншасы, ТТ тапаншасы, GM-100 маркалы екі тапанша, "Ақбөкен" карабині, ТОЗ екі қабатты мылтығы, Fabarm, Zoli және Progress мылтықтары, сонымен бірге, Драгунова (СВД) снайперлі винтовка және Симонова карабині тәркіленген.
атамбаев
Фото: Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметі: Depositphotos

Одан бөлек, ІІМ қызметкерлері экс-президенттің адамдары арнайы жасақ сарбаздарынан тартып алған резеңке оқтармен атылатын мылтықтарын тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810352-vintovka-myltyk-tapansalar-atambaevty-jinen-karu-zaraktar-trkilendi-foto/

pixel