RU
Демалыс күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?
Жаңалықтар Қоғам

Демалыс күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

Рассказать Вконтакте

11 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек батысында және солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер қатты жауады деп күтіледі. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, дауыл, бұршақ, солтүстікте тұман болжанады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Демалыс күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынеда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Сонымен бірге, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с, Атырау облысында екпіні 23-28 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл болып, желдің күші 15-20 м/с артады. Жамбыл, күндіз Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерін тұман басады.

Сондай-ақ, күндіз Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel