RU
Оқ атып, көлігімен басып кетті: Алматы полициясы "ГАЗель" жүргізушісін іздеуде

Оқ атып, көлігімен басып кетті: Алматы полициясы "ГАЗель" жүргізушісін іздеуде

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астана полициялары жол бойында атыс пен төбелес ұйымдастырған "ГАЗель" жүргізушісін іздестіруде деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқ атып, көлігімен басып кетті: Алматы полициясы "ГАЗель" жүргізушісін іздеуде

Көрнекі фото: NUR.KZ

Куәгерлердің сөзінше, "ГАЗель" және Toyota Chaser жүргізушілері жолды "бөлісе" алмаған екен. Оқиға Алматыдағы Жетісу ауданында орын алған.

Екі автокөлік те батыс бағытқа қарай кетіп бара жатқанда жүк көлігі жапондық седанды "түйіп" өтіпті. Одан соң қос көлік те тоқтап, жүргізушілері өзара жанжалдасқан.

Жолаушылардың бірі "ГАЗель" тізгіндеген азаматтың қарсыласын тапаншамен қорқытып, оны атып жібергенін және басып өткенін айтты. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып үлгерген.

Алматы полициясы "ГАЗель" жүргізушісінің кім екенін анықтап, іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Зардап шеккен жүргізушіні ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
0
3
4
1
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel