Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "ГАЗель" көлігімен ер адамды соғып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Опубликовано:

Алматы полициясы шулы оқиғаға басты себепкер болған "ГАЗель" жүргізушісін тапты. Ер адам өзімен сөзге келіп қалған басқа бір жүргізушіге оқ атып, көлігімен басып кеткен деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

газель
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Күдіктінің жүк көлігін тәртіп сақшылары Іле ауданындағы Бережиский көшесінен тапқан.

Алматы полициясы болған оқиғаның мән-жайын анықтаумен әлек болуда.

газель
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін "ГАЗель" және Toyota Chaser жүргізушілері жолды "бөлісе" алмай, өзара жаға жыртысқанын хабарлаған едік.

Оқиға нәтижесінде ГАЗель" тізгіндеген азамат қарсыласын тапаншамен қорқытып, оны атып жібергені және басып өткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810384-almatyda-gazel-kligimen-er-adamdy-sogyp-kasyp-ketken-zrgizusi-staldy/

pixel