RU

Көк-Төбедегі өрт: Жалынды ауыздықтауға екі тікұшақ жіберілді

Алматыда Көк-Төбе жақтан шыққан өртті сөндіруге екі тікұшақ ұшып келді деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

вертолет
Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қыметі: Depositphotos

Авиация тілсіз жауды ауыздықтау үшін іске кіріскен.

"Өртті сөндіруге су құю құрылғылары бар екі тікұшақ: КА-32 «Казавиаспас» АҚ және Алматы қаласының құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тартылды", - делінген ведомство баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Естеріңзге сала кетсек, бұған дейін Алматыда Көк-Төбе телемұнарасына жақын жерде өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров өртті жою жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810396-kk-tbedegi-rt-zalyndy-auyzdyktauga-eki-tiksak-ziberildi.html