Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қылмыстық іс қозғалды": Сағынтаев Алматыдағы өртке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Көк-Төбе тауының оңтүстік-батыс баурайында болған өртке қатысты пікір білдірді. Оңтүстік астананың басшысы күні кеше оқиға орнына өзі барып, мән-жаймен танысқан деп хабарлайды әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото instagram.com/sagintayev.b
Фото instagram.com/sagintayev.b: UGC

Сағынтаевтың сөзінше, жағдай бақылауда, қалаға қауіп төніп тұрған жоқ. 10 гектар аумақтағы өрт ауыздықталған.

Тілсіз жаумен күрекске ТЖД-ның жеке құрамының және коммуналдық қызметтердің 1500-ден астам қызметкері, 70 арнайы техника жұмылдырылған.

Фото instagram.com/sagintayev.b
Фото instagram.com/sagintayev.b: UGC

Сондай-ақ, шенеунік оқиға жайында ІІМ және Қорғаныс министрлерімен сөйлескенін атап өтті.

"Өртке қарсы қызмет күші қарауылдау режиміне өттi. Өрттің себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады", - дейді Алматы әкімі.
Фото instagram.com/sagintayev.b
Фото instagram.com/sagintayev.b: UGC

Сонымен қатар Сағынтаев өрт сөндіруге қатысып, ерлік танытып, тілсіз жауды қалаға таратуға жол бермегендерге алғыс айтты.

Еске сала кетейік 11 тамызда Алматыда Көк-Төбе телемұнарасына жақын жерде өрт шыққаны жайлы хабарланған еді.

Қызыл жалынды ауыздықтауға екі тікұшақ жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810411-kylmystyk-is-kozgaldy-sagyntaev-almatydagy-rtke-katysty-pikir-bildirdi/

pixel