RU
Нұр-Сұлтан тұрғыны итімен әйел адамды зорлауға әрекеттенгендерді ұстады

Нұр-Сұлтан тұрғыны итімен әйел адамды зорлауға әрекеттенгендерді ұстады

Рассказать Вконтакте

Facebook қолданушысы Ирина Севостьянова күйеуінің ерлігі туралы желіде жазба қалдырды. Оның жары әйел адамға зорлық көрсетпек болған келген екі қылмыскерден құтқарып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Ирина Севостьянова

Фото: Facebook/Ирина Севостьянова

"Сүйікті күйеуім Сергей мен ақылды Дэня нағыз зорлықшыларды ұстады! Екеуін! Біздікілер бейбіт тыныш ауданда жүрген. Олардың соңынан қуып, ақыры ұстады. Жүгіріп келе жатып, полицияға хабар беріп, қолдарына тапсырған. Тәртіп сақшыларының қолына қылмыскердерді тапсырды. Таңғалатыным, күдіктілерді ұстау кезінді жолдасым соққы дарытпаған, итіміз тістемеген", - деді әйел адам.

Ал оқиға қаһарманы Сергей Горбуновтың Tengrinews.kz-ке хабарлауынша, бұл жағдай 11 тамыз күні кешкісін болған.

Ер адамның айтуынша, итімен серуендеп жүрген кезде бұтақтардың арасынан көмек сұраған әйел адам жүгіріп шыққан.

Оның артынан тағы екі адам көрінген. Сонымен қатар үшеуі де мас болған.

Горбунов оларың үшеуі де мас болғанын алға тартты.

Нұр-сұлтандық тұрғын полицияға шақыра бастаған. Ал бұл уақытта екі ер адам ізін суытуға әрекеттенген.

Сергей 102 операторларына ескертіп, күдіктілердің соңынан қуған. Ол күдіктілерді қуып жетіп, ұстап, тәртіп сақшыларының қолына табыстаған. Әріқарай итін серуендетуді жалғастырған.

"Ер адамдар ол "бомж әйел" деп айтуға тырысты. "Бомж" болса не болыпты? Олар адам емес пе? Оларға мұндай істеп айналысуға кім рұқсат береді", - деп ашуланды Сергей.

Сонымен қатар елордалық тұрғын әйел адамның полицяға арыз түсіруге ниетті екенін де хабардар етті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel