RU
Әкесінің көлігін айдап кеткен алматылық бозбала ғашығымен бірге апатқа ұшырады

Әкесінің көлігін айдап кеткен алматылық бозбала ғашығымен бірге апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Алматыда 18 жасқа енді ғана толған бозбала қызымен бірге джип көлігінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, балалар лагерінің дуалына соғылған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Басылымның мәліметінше, оқиға 11 тамыз күні сағат 17:00 шамасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік қалаға қарай кетіп бара жатыпты.

Джип жүргізушісі кенет рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, газ құбырының тағанын қағып, балалар лагерінің бетон дуалына бір-ақ соғылған.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Оқиға орнына келген полиция көліктің жас жігітке тиесілі емес екенін анықтаған. Барлық құжат әкесінің атына ресімделіпті.

Кілтті білдіртпей алып кеткен бозбала қызын көлікпен қыдыруға шақырады.

Қазір жүргізуші мен бойжеткен Алматы ауруханаларының бірінде жатыр. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
3
0
5
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel