RU
"Қайрат" шағын футбол клубында өнер көрсеткен бұрынғы спортшы оққа ұшты
Жаңалықтар Қоғам

"Қайрат" шағын футбол клубында өнер көрсеткен бұрынғы спортшы оққа ұшты

Рассказать Вконтакте

"Қайрат" шағын футбол клубының бұрынғы ойыншысы Дуглас Нуньесті түнгі клубта өлтіріп кетті. Спортшы бар-жоғы 27 жаста. Бұл туралы Atlântico Futsal Facebook парақашасында хабарланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Футболшы Бразилияның Эрехим қаласындағы түнгі клубтардың бірінде оққа ұшқан.

Бразилиялық БАҚ-қа сүйенген Sports.kz-тің жазуынша, спортшы "Коринтианс" футбол клубындағы командаластарымен бірге Бразилия кубогі жартылай финалының қортындысын атап өткен.

Бір уақытта ойыншылар мен клубқа басқа да келушілер арасында жанжал пайда болған.

Шығар жолда оларға автокөлік келіп, оқ атқан. Дуглас Нуньес оқ тиген жалғыз адам болып шықты.

Айта кетейік, кезінде Дуглас Нуньес алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсеткен. Ол командамен бірге 2017 жылы Қазақстан чемпионы болған және УЕФА кубогінде 3-орынды иеленген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel