Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкинді жекпе-жекке шақырған Сондерс жаңа промоутермен келісім шартқа отырды

Опубликовано:

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Билли Джо Саундерс Matchroom Boxing промоутері Эдди Хермен келісім шартқа отырды деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2 тамызда Саундерс 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан промоутері Фрэнк Уорренмен әрі қарай жұмыс істемейтінін жариялады.

Тараптар өзара келісім бойынша шартты бұзғанын, қазіргі уақытта жақсы қарым-қатынаста екенін мәлімдеді.

Хирнмен ынтымақтастық жасау Сондерске WBA (Super) чемпионы британдық Каллум Смитпен жекпе-жекке шығуға мүмкіндік береді.

Twitter желісінде Хирн 13 тамызда компанияның жаңа боксшысын таныстыратын баспасөз мәслихатын жариялады. Бұған дейін ол Сондерстің қол қою ниеті туралы мәлімдеген.

Айта кетейік, Сондерс 18 мамырдағы соңғы жекпе-жегінде неміс боксшысы Шефат Исуфиді жеңіп, WBO нұсқасының екінші орта салмақ дәрежесіндегі титулының иегері атанды.

Ал шілде айының басында Нұр-Сұлтанға ат басын бұрған Сондерс Геннадий Головкинді "Барыс Аренада" жекпе-жек шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810421-golovkindi-zekpe-zekke-sakyrgan-sonders-zaa-promoutermen-kelisim-sartka-otyrdy/

pixel