RU
Көктөбедегі өрттен кейін денесі табылған адамның кім екендігі анықталып жатыр

Көктөбедегі өрттен кейін денесі табылған адамның кім екендігі анықталып жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Көк-Төбе баурайында екінші рет өрт шығып, оқиға орнынан бір адамның денесі табылған еді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауы керек деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мекеменің хабарламасында, қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізіміне тіркелгенін айтты. Қазір полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның жеке тұлғасын анықтауда.

Тергеу іс-шаралары кезінде өлімнің себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама мен зерттеулер жүргізілетін болады.

Еске салайық, кеше 11 тамызда Алматыда Көк-Төбедегі тау бөктері отқа оранған болатын. Өрт сөндірушілер техникалық көліктерді көпке дейін қолдана алмады.

Сөйтіп, оқиға орнына екі тікұшақ жіберілген.

Кейін, осы аумақта тағы да өрт болып, оқиға орнынан бір адамның денесі табылды. Алайда, оның қандай жағдайда мерт болғаны беймәлім.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel