RU
Бір мезгілде 15 МАЗ көлігін сүйреген Беларусь палуаны көпшілікті таңғалдырды

Бір мезгілде 15 МАЗ көлігін сүйреген Беларусь палуаны көпшілікті таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Беларусь палуаны Дмитрий Белайц сап тізілген 15 МАЗ көлігін сүйреп, әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды БелТА сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: БелТА

Фото: БелТА

Ерекше оқиға МАЗдың орталық өту алаңында болған. МАЗ-643028 ауыр көліктері бір-бірімен жалғанған. Олардың әрқайсысы 10 тоннаны құраған.

Аталмыш рекорд зауыттың 75-жылдығына орай орнатылды.

Фото: БелТА

Фото: БелТА

Дмитрий Белайц алып техниканы 7 м 20 см қашықтыққа екінші әрекетінен соң жылжыта алған. Ол көліктерді 1 минут 03,75 секундта қозғалтты. Жүктің жалпы салмағы - 157,5 т.

Фото: БелТА

Фото: БелТА

"Бұл рекорд Александр Григорьевич бастаған Беларусь халқына арналады. Біз - біріксек күшпіз, бізді ешкім ешқашан жеңе алмайды", - деді Дмитрий Белайц.

Осындай қиын трюкті орындау үшін белоруссиялық азамат ұзақ дайындалған.

Фото: БелТА

Фото: БелТА

"Басшылық көмектесті. Мені көптеген әлемдік компаниялар шақырды, бірақ таңдау белгілі. Ол Минск автокөлік зауыты. Бүгін бұл белоруссиялықтардың мақтанышы. МАЗдарға қарап біз туралы Қиыр Шығыста, Қазақстанда, Украинада айтады. Бізде мақтанатындай нәрсе бар", - дейді палуан.
Фото: БелТА

Фото: БелТА

Оның ойынша, еңбек адамы - ел мен адамзаттың болашағы. Ол МАЗдың барлық жұмысшыларына жеңіс пен қойған мақсаттарына жетулерін тіледі.

Дмитрий алдағы уақытта жаңа рекорд орнатуды көздейді. Бұл жолы "БелАЗ" автокөліктерімен "алдын-ала келісімдер бар", - деп атап өтті палуан.

Фото: БелТА

Фото: БелТА

Айта кетейік, Дмитрий Белайц - Белоруссияның күш-қуат федерациясының құрметті төрағасы және "МТЗ Сибирь" ЖШС бас директоры.

Батыр Гродно облысының тумасы, ұзақ уақыт дзюдо және самбомен айналысқан. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Содан кейін күш экстремумына қызығушылық танытқан. Бұған дейін ол өзінің серіктесі Михаил Шивляковпен бірге әлемдегі ең үлкен тракторды сүйреген.

Фото: БелТА

Фото: БелТА

Сонымен қатар, МАЗ Мәдениет сарайында экстремалды күштердің шоуы өтті. Мұнда автокөлік құралдарының, Евро-6 санатты көліктердің және соңғы самосвалдардың көрмесін көре аласыз. Күні бойы қонақтардың көңілін белоруссиялық эстрада әртістері көтерді. Ал мереке отшашу шоуымен аяқталады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel