RU
"700 мың теңге": Керменбаев әйгілі Мессидің қолтаңбасын сатып алды (фото, видео)

"700 мың теңге": Керменбаев әйгілі Мессидің қолтаңбасын сатып алды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Нұржан Керменбаев қыруар қаржыға әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Мессидің қолтаңбасын сатып алған. Әнші "Барселона" жұлдызының қолы қойылған футболка үшін 700 мың теңге төлеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы өз-өзіне аса бағалы сыйлық жасағанын Instagram парақшасында хабарлаған. Ол сүйікті аяқдопшысы Мессидің қолтаңбасы қанша тұратынын да еш жасырмай айтты.

"Кешеден бері келіп жатқан сұрақтарыңызға жауап берейін. Иә, бұл оригинал қолтаңба! Арнайы Барселонадан алып келген. Бағасы 700 000 теңге. Ал егер өз атыңызға мысалы "special for Nurzhan” деп алғыңыз келсе, бағасы 1 500 000 теңге. Сооол" , - деп жазды әнші.

Желідегілер арманына қол жеткізген өнер иесіне қатысты екі түрлі ой түйді. Бірі "қара бала" үшін қуанып жатса, енді бірі қолтаңба үшін 700 мың теңге шашу ысырап деп, оны сынға алған.

"Бір жарым миллимонға көлік сатып алған артық" , "Ақшаларын осындай болмайтын нәрселерге жұмсайтындарға таным бар" , "Керемет! Ақша қолдың кірі, аңыз адамның қолтаңбасы мәңгілікке естелік болмақ" ,
"Өмірге бір рет келген соң мүмкүндік болса өзің қалағаныңды жасаған дұрыс" , "Жұғысты болсын бізге де" , "Мұндай ақшаға жер аламын ғой" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel