RU
Қазақстандық белігілі журналист қайтыс болды

Қазақстандық белігілі журналист қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда танымал журналист Сергей Борисов өмірден озды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында фототілші Анатолий Устиненко хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анатолий Устиненконың сөзінше, оның әріптесі 11 тамызда ұзаққа созылған ауыр дерттен көз жұмған.

Ол танымал қазақстандық журналист Сергей Борисовтың қиын әрі қызықты өмір сүргенін атап өтті.

Журналист Солтүстік флотта су асты кемесінде қызмет еткен. Кейін, "Магнитканы" жасау үшін Қазақстанға келді. Ол монтаждаушы болған. Өзінің әсерімен өлең жолдары және прозалық шығармалар арқылы бөлісіп отырған. Жазбалары мерзімді баслымдарда жарияланған.

Бір күні Сергей Алексеевичты "Ленинская смена" газетіне жұмыс істеуге шақырған. Сөйтіп, ол әртүрлі басылымдарда журналист ретінде қызмет еткен. Ол жазуды зейнетке шыққан соң да жалғастырған.

Сергей Алексеевичты жерлеу рәсімі сейсенбі, 13-тамызда, сағат 10:00 де өтеді. Мекен-жайы: Дәуренбеков көшесі, 26 / Райымбек батыр мен Момышұлы қиылысы.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Сергей Борисовтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel