RU
Жерге көлемі Хеопс пирамидасындай астероид жақындап келеді

Жерге көлемі Хеопс пирамидасындай астероид жақындап келеді

Рассказать Вконтакте

Көлемі Ұлы Гиза (Хеопс пирамидасы) пирамидасынан асып түсетін қауіпті астероид жерге тамыздың соңына қарай жақындайды деп хабарлайды NASA ақпаратына сүйенген РИА Новости.

Фото: Fotolia / 3000ad

Фото: Fotolia / 3000ad

2019 OU1 астероидінің диаметрі 160 метр, ол мысырлық пирамиданың көлемінен 20 метр артық.

28-тамызда 2019 OU1 Шолпан планетасына қарағанда Жерге 40 есе жақын келеді. Астероид миллион шақырым қашықтықта біздің ғаламшарымызбен кездеседі.

Бұған дейін, еуропалық ғарыш агенттігі Жерге қауіп төндіруі ықтимал ғарыш объектілерінің тізімін жаңартқан болатын.

Мерзімі бойынша ең жақын оқиға 2006 QV89 астероиді мен Жердің гипотетикалық соқтығысуы болып саналады. Агенттік сарапшыларының пікірінше, бұл ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде болуы мүмкін.

Мұндай оқиғаның болуы - жеті мың мүмкіндіктің бірі. Қазір астероид Жерден 6,7 миллион шақырым жерде.

Қауіпті астероидтар тізімін 2010 RF12 бастап тұр. Сарапшылар дененің Жерге қауіпті жақындауы 2095 жылы болады деп болжайды. Соқтығысу ықтималдығы - 16 мүмкіндіктің бірі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel